Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528991
<

 введите текст 

введите текст

Жомарт күз!


Келді міне алтын күз, 
Сары шашты жарқын жүз. 
Мол өнімді ісімен 
Таңдандырып халқын күз.

 

        Иә, міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті. Бұл мереке мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі. Күзде жеміс- жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Күзді береке дейміз. Өйткені күзде барлық жеміс -жидектер, егін пісіп , мал семіреді. Күзді-байлық дейміз. Өйткені піскен егін, жеміс-жидектер дүкендерге толады.Молшылық болады. Күзді мереке дейміз-адамдар өз еңбегінің жемісін көріп қуанады, мерекелейді.

        Осыған орай 13 қазан 2017 жылы  КММ « Смирнов №2 орта мектебінде» 0 «А» даярлық тобы және 1 «а» сыныбымен бірлесіп  «Жомарт күз» атты мерекелік іс-шарасы аталып өтті. Сыныбымыз әсем шарлармен, түрлі түсті жапырақтармен безендірілді. Мерекелік іс шараның жүргізушісі 1сынып мұғалімі Мейрамова Светлана Сейтжановна және Күз ханшайымы мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Серғазиева Қарлығаш Мұратқызы.



        Мерекелік іс шараға ата – аналар мен балалар белсене қатысты. Мерекеде түрлі әндер айтылып, өлеңдер оқылды, балалар және ата – аналармен ойындар ойнатылды («Орындық», «Кім жылдам», «Ойлан тап»). Күз ханшайымы сайысы өткізілді оған 2 оқушы қатысты  1-қатысушы Кирибаева Дильназ, 2-қатысушы Тургумбекова Айару. Сайыс  3 бөлімнен тұрды: 1- өз өнерін көрсеті, 2 – кім жылдам? 3 – тауып көр. Қыздар өздерінің өнерлерін, жылдамдықтарын, шапшаңдығын көрсете білді. Қонақтар сайыс жеңімпазын анықтады (жеңімпаз Тургумбекова Айару күз ханшайымы атанды).



        «Жомарт күз» мерекелік іс шарасына арнап ата–аналар балаларымен бірге табиғи материалдардан көрме ұйымдастырды. Көрмеде жеңімпаздар анықталып мақтау қағаздарымен марапатталды. Күз ханшайымынан ата – аналар мен балаларға дәмді жеміс – жидектер ұсынылды.



        «Жомарт күз» атты мерекелік іс шарамыз қызықтыда әсерлі өтті.
 
                                                                                        Тәрбиеші: Серғазиева Қ.М.
 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь