Наурыз айында республикалық «Мұқағали оқулары» сайысы өтті
Байқау мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын мектеп оқушылары арасында насихаттау, оқушылардың өлең оқуға ынтасы мен талабын ашу, көркемдік шеберлікті шыңдау. Байқауға мектепке дейінгі оқушылар, 1-11 сынып оқушылары, колледж студенттері және мұғалімдер, кітапханашылар, тәрбиешілер қатысты.
Сайыста Аққайың ауданы «Смирнов №1 орта мектебінен» мұғалімдер мен оқушылар бақ сынады. Нәтижесінде барлық қатысушылар жүлдегер атанды.олар:
4 сынып оқушысы Бақтиярқызы Айша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бимагамбетова Жанар Оразалыевнаның жетекшілігімен 1 орын дипломы иегері атанды;
1 сынып оқушысы Бақтиярқызы Айару қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Куанышева Ансаган Максутовнаның жетекшілігімен 2 орын дипломы иегері атанды;
Химия пәнінің мұғалімі – Гречман Кристина, 1 орын дипломы иегері атанды.
Сонымен қатар жетекші мұғалімдер алғыс хаттармен марапатталды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии