«Сен не жесең, солсың»- деген ежелден келе жатқан сөз бар, естерінде ме? Қалай қызық айтылса да, бірақ кез келген адамның өмірінде тамақтану өте маңызды рөл атқарады, бала өмірінде одан әрі. Оқушының дұрыс тамақтануы – оның денсаулығының, үлгерімінің, дұрыс дамуының кепілі. Диетологтың пікірі бойынша, мектепте оқитын бала, күніне 4 рет тамақтануы тиісті, сонымен бірге таңғы ас, түскі ас және кешкі аста міндетті түрде ыстық тамақ болуы қажет. Оқушылар жарты күн үйден тыс жерде өткізеді – кейде күні бойы ұзартылған топқа қалады. Біздің міндетіміз – баланы дұрыс таңғы және кешкі аспен тамақтандыру және өзімен бірге пайдалы, дәмді тамақ салып беру.Оқушы үшін рацион құрастырғанда, маңызды дәрумен және нәрлі заттар туралы ұмытпаңыз. Алдымен осы нәрлі заттар не үшін қажет және олар қайда болатынын есімізге түсірейік.
А дәрумені – шырышты қабық пен терінің қалыпты жағдайын қамтамасыз етеді, ағзаның қарсыласуын жақсартады, көздің жақсы көру жағдайына жауап береді. А дәрумені балықта, теңіз өнімінде, бауырда, өрікте, сәбізде болады.
В1 дәрумені – ас қорытуды жақсартады, жүйке жүйесі мен есте сақтауды бекітеді. Бұл дәрумен көкөністерде, күріште, құс етінде болады.
В2 дәрумені – шаш және тырнақтарды бекітеді, жүйке жағдайына жағымды әсер етеді. В2 дәрумені жұмыртқада, сүтте, брокколи қырыққабатында болады.
В6 дәрумені – бауырдың қалыпты жұмысына жауап береді, қан түзелуін арттырады, жүйке жүйесінің жұмысына пайдалы әсерін тигізеді. Бұл дәрумен жұмыртқаның сарыуызында, сыра ашытқысында, бұршақты және бүтін дәнде болады.
В12 дәрумені – бойды ынталандырады, қан түзелуне себептеседі, орталық және шекті жүйке жүйесінің жағдайын жақсартады. Етте, ірімшікте, теңіз өнімдерінде болады.
РР дәрумені – холестерин деңгейін және қан айналымын жақсартады. РР дәрумені балықта, етте, жаңғақта, көкөністерде, ірі тартылған ұннан пісірілген нанда болады.
Пантотендік қышқыл – жүйке жүйесі мен қозғалтқыш ішектер қызметіне пайдалы әсерін тигізеді. Етте, жұмыртқаның сарыуызында, бұршақта, гүлді қырық қабатта болады.
Фоли қышқылы – бойдың өсуіне және қан түзелуіне қажет. Бұл фоли қышқылының «жасыл» дәрумені саумалдықта, жасыл бұршақта, савой қырыққабатында көп болады және т.б.
Биотин – шаш, тырнақ және терінің жағдайына жауап береді, кандағы кантты қалпына келтіреді. Биотин жұмыртқаның сарыузында, қоңыр күріште, соя бұршағында, қызанақта болады.
С дәрумені – иммунды жүйеге, сүйекке және дәнекер тінге пайдалы, жараны тез жазады. С дәрумені итмұрында, шырғанақта, тәтті бұрышта, қара қарақатта, лимонда көп болады.
D дәрумені – сүйектер мен тісті бекітеді. D дәрумені бауырда, уылдырықта, жұмыртқада сүтте болады.
Е дәрумені – бос радикалдардың бүлдіретін әсерімен күреседі, жыныс және эндокринді бездер қызметіне әсер етеді, қартаюды баяулатады. Өсімдік майлар және жаңғақ құрамында болады.
К дәрумені – қанның дұрыс ұйғыштығына жауап береді. Бұл дәрумен саумалдықта, кәдіште, салатта және ақбас қырыққабатта болады.
Барлығына белгілі негізгі үш нәрлі заттар– ақуыз, майлар, көмірсулар – әртүрлі өзара қатынастағы барлық азық-түлікте болады, бірақ осы заттардың сапасы азық –түліктің түрі мен сапасына байланысты болады.
Ақуыздар– ағзаның жасуша үшін құрылыс материалы. Өсіп келе жатқан ағза үшін ақуыз ерекше маңызды, сол себептен бұл сұраққа саналы түрде келу керек. Көптеген ата-аналар, ағзаға ақуызды ең үздік жеткізуші ет деп санайды, балаларды котлеттермен, қуырылған сан етімен және тұшпарамен тықыштайды. Бірақ, диетологтардың пікірі бойынша балаларға балық, жұмыртқа және сүт өнімдерін берген дұрыс - олардағы ақуыз жақсы сіңеді.
Өсімдік ақуыз туралы ұмытпаңыздар – олар бұршақтыларда көп болады. Бұршақта, ноқатта, машта, сояда (шұжықтағы емес, нағыз соялық ірі бұршақтағы) – бұнын барлығы аптасына 2-3 рет үстелде болуы тиісті. Ал, көпшілік ұнататын ет, - қуырылған түрде емес, пісірілген, бұқтырылған немесе қыздырып пісірілген түрде бір –екі рет. Шұжық, сосиска және қысқа шұжық туралы бөлек айтып өту керек. Баланың тамағында бұл «айтулы тамақ» мүлдем болмау керек! Пайдалы ақуызбен бірге сіздің балаңыз пайдасыз табиғи заттарға ұқсас бояғыш заттар, хош иістендіргіштер және басқа да заттарды қабылдайды. «Балалар шұжығы» немесе «Балалар сосискиі» деген атауға алданып сатып алмаңыз, олар әдеттегіден айырмашылығы жоқ (кейде олар тіпті нашар болуы мүмкін). Егер сіздің отбасыңыз бутербродты жақсы көрсе, үй шұжығын немесе оның жеңілдетілген түрін дайындаңыз.
Майлар біздің ағзамызға энергияны жеткізетін басты жеткізуші, ішектерде майда еритін дәрумендерді сіңіруін қамтамасыз етеді, дененің көптеген жасушасының тіршілік әрекетіне қатысады, ал майлар кәрі денеде жылылықты сақтау және ішкі ағзасының хош иістендіру мен қолдау үшін қажет. Сол себептен майларсыз болмайды. Егер сіздің балаңыз семіздіктен қиналса да, оны төменгі майлы диетаға отырғызуға болмайды. Майлардың барлық түрлері өзінше пайдалы және қажет болады. Өсімдік майларды артық көргеңіз (тазартылмаған жақсы болар еді) және сары майды ұмытпаңыз, тек түрлі қопасыз, жоғары сападағы. Майдың жеткілікті мөлшері кілегейде, қаймақта, жұмсақ ірімшікте, шошқа, түйетауық, үйрек етінде болады. Бірақ, мөлшер туралы ұмытпаған жөн!
Көмірсу барлық тірі ағзаның тін және жасушаның ажырамас құрамы болады. Олар энергия көзі және нәрлі заттар қоры ретінде болады. Көмірсулар жылдам және баяу болады. Жылдам (немесе қарапайым) көмірсуларды ағза тез қабылдайды және тез жұмсайды. Жылдам көмірсулар қарапайым көмірсулар (глюкоза, фруктоза, галактоза) және дисахариттерге (сахароза, лактоза, мальтоза) бөлінеді. Қарапайым көмірсулар тәтті жемістерде, көкөністерде, жидектерде, сүт өнімдерінде, сырада болады. Баяу (немесе күрделі) көмірсулар (крахмал, гликоген, клетчатка, инсулин, пектин заттары) қанға қантты баяу шығарып жібереді, соғұрлым энергия деңгейін үнемі сақтап, қанықтық сезімін ұзақ сақтауға жәрдемдеседі. Баяу көмірсулар картопта, дәнді және бұршақты дақылдарда, ашытқыда, теңіз өнімдерінде, жемістерде болады.
Жылдам көмерсуларды шамадан тыс қабылдау, диабет және семіздікке әкеледі, бірақ олардан мүлдем бас тартуға да болмайды. Тәтті тоқаштар мен кәмпиттердің орнына балаларға жемістер, жидектер, бал және кептірілген жемістер сатып әперіндер, олар пайдалы. Балаға таңғы және кешкі ас дайындау барысында баяу көмірсуларға ерекше назар аудару қажет. Ботқа немесе мюслиі бар йогурт, шырыннан тұратын таңғы ас – ең жақсы нұсқа.
Баланың калорийдегі қажеттілігін міндетті түрде ескеру қажет. 7-11 жастағы балаларға күніне шамамен 2300 ккал, 11-14 жастағы – 2500 ккал, 14-18 жастағы – 3000 ккал қажет. Егер сіздің балаңыз спорт секцияларына қатысса, тамақтың құнарлылығын шамамен 300 ккалға көбейту қажет, егер бала пәндерді терең оқытылатын мамандырылған мектепте оқыса, құнарлылықты көбейту қажет.
Баланың тамақтану тәртібі оқу уақытына байланысты. Бірінші ауысымда оқитын балалар үшін келесі тәртіп қолайлы болады:
1 таңғы ас – 7-00 – 7-30
2 таңғы ас – 10-30 – 11-00
Түскі ас – 14-00 – 15-00
Кешкі ас – 19-00 – 20-00
Екінші ауысымда оқитын оқушылар үшін:
Таңғы ас – 8-00
Түскі ас – 12-30
Түстік – 15-00
Кешкі ас – 20-00 – 20-30
Тамақ қабылдау арасы 4-5 сағаттан көп болмауы тиісті, себебі ас қорыту және сіңуі жақсы қамтамасыз етіледі.
Мектепте балалардың тамақтануы қалай ұйымдастырылғанына назар аударыңыз. Ас мәзірінде хош иістендіргіш қосылған қышқыл сүт өнімдері, салқын сорпа, қуырылған жұмыртқа, тартылған ет қосылған макарон болмауы тиісті. Мектеп буфетінде СанПин 2.5.2409-08 талаптары бойынша кремі бар пісірілген нан, карамельдер, чипсылар, попкорн, сағыз, консервілер, шикідей қақталған ет тағамдары, шұжықтар, саңырауқұлақтар және олардан жасалған өнімдер, паштет және тартылған еті және ірімшігі бар құймақ, тұздықтар, фритюрде дайындалған тағамдар, өсімдік майлар қосылған балмұздақтар және сүт өнімдері, жержаңғақ және өрік дәнегінің дәні, тағам қалдықтары (бауыр, жүрек және тілден басқасы) және тәтті газдалған сусындарды сатуға қатаң тыйым салынған. Егер мектепте осы ережелер бұзылса Қазтұтынуқадағалауға жүгіну қажет.
Үйде балаға тамақтану мәдениеті мен пайдалы тағамдарды қабылдау ережесін үйретіңіздер. Отбасы үшін ас дайындау барысында, балалар және ересектер үшін барлық тағамдар пайдалы еместігін ұмытпаңыз. Балаларға толық қуырылмаған қаны бар ет, суши және піспеген жұмыртқа бермеңіз. Сальмонеллез жұқтырмаған бөдене жұмыртқасын беруге болады, тек жарар алдында қабығын жууды ұмытпаңыз. Стабиллизаторлар, қосынды, хош иістегіштер, жасанды бояғыштар бар азық-түлікті қабылдауды мүмкіндіктеріңіз келгенше шектеңіз. Әрине, баланы зиянды-тәттіні жеуден тоқтату қиынға түседі, бірақ осы барлық арам заттардың мөлшерін азайтуға тырысыңыз. Барлық отбасы үшін дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары біркелкі. Жаңа піскен көкөністен жиі-жиі салаттар дайындап беріңіз, балалар дәрумендерден күш жинасын. Баланы блендерді пайдалануға үйретіңіз және бидай өскіндері немесе көкөніс пен жидектерден, жемістерден, шырындардан пайдалы мусстер дайындауға мүмкіндік беріңіздер. Буда дайындалған тағамдарды артық көріңіздер – олар пісірген немесе қуырылған картоптан пайдалы және ыңғайлы.
Гарнирге макарондар мен қуырылған картоптан гөрі духовкада немесе буда пісірілген көкөніс тағамдарын дайындауға тырысыңыз. Таңғы ас үшін әдеттегі құймаққа жұқалап кесілген алма, үгітілген сәбіз немесе қырыққабат қосып беріңіз – бұл пайдалы және дәмді. Үйде пісіретін нанның қамырына кебек қосыңыз – жасұнық барлығы үшін өмірлік қажет, жарты күн партада отыратын балалар үшін өте пайдалы. Кебекті ірімшік көмешіне қосуға болады. Өсімдік ақуыз көзі ретінде бұршақтылар туралы ұмытпаңыз. Бұршақ көжеден басқа бұршақтылардан көптеген дәмді тағамдар дайындауға болады. Бұршақтан, ноқаттан котлеттер, үнді дхап, күріштен және маштан палау – біздің сайтта сіз кез келген тағам рецептерін таба аласыз!
Оқушылардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру бала ағзасын мектепте артып келе жатқан жүктемеге және жыныстық жетілуіне, даму және өсу үшін қажетті барлық ресурстармен қамтамасыз етеді. Және ата-ана ретіндегі сіздің үлесіңіз ерекші маңызды.
Дұрыс және әртүрлі тамақтаныңыз, деніңіз сау болсын!