23 желтоқсанда Смирнов №3 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға мектебімізден қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Куанышева А.М. қатысты. Жиналыс барысында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолдануға тиімді бағдарламалар мен әдіс-тәсілдер» шеберлік сыныбы, «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің атасы» диалог алаңы, «Жиынтық бағалау жұмыстары кезінде жазба жұмыстарын ұйымдастыру» коучинг және Ғ.Мүсірепов шығармашылығындағы «Ана» бейнесі тақырыбында баяндама оқылды. Әр сөз сөйлеуші өз жұмысын пайдалы түрде көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданылатын көптеген тиімді әдіс-тәсілдер көрсетілді. Мысалы: «Молекула», «Стоп кадр», «Кім жылдам мәреге жетеді» және т.б. Семинар өте қызықты және пайдалы ақпаратттарға толы болды. Соңында «Сен – маған, мен - саған» атты талқылау жұмысымен жиынды аяқтадық. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау