Мақсаты: балаларға «Бауырсақ»ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.
«Шалқан» ертегісін көрсете отырып, балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету. Оқушыларды өнерге бейімдеп, әртістік қабілеттерін арттыру.
№3 Смирново орта мектебінің кітапханасында : «Кітапхана - ертегілер мекеніне саяхат» атты тәрбие сағат ұйымдастырылды. Бастауыш сынып балалары, 6а және 6ә сынып оқушыларының қиялынан туындаған «Бауырсақ» және «Шалқан» ертегісінің сахналық қойылымын тамашалады.