14 қарашада жаратылыстану-математикалық циклдің онкүндігі басталды, ол 2022 жылдың 25 қарашасына дейін жалғасады. Онкүндіктің ашылуы, 15 қарашада біздің мектептің 2 қабатының рекреациясында өтті. Салтанатты жиынды ұйымдастыруға 7Б сынып оқушылары қатысты, ЖМЦ ӘБ басшысы Г. А. Жақыпованың жетекшілігімен сөз сөйлеу барысында іс-шаралардың тақырыбы, мақсаты, міндеттері мен жоспары жарияланды.
Онкүндіктің тақырыбы – «Жаратылыстану және нақты ғылымдар елі».
Жоспарланған іс-шаралардың мақсаты: ЖМЦ пәндерін оқуға танымдық қызығушылықты дамыту.
Онкүндіктің міндеттері:
оқушылардың алған білімдерін тереңдету;
қызығушылық пен белсенділікке тәрбиелеу;
дамытушы пәндік іс-шаралар арқылы оқушылардың жеке табыстарына қол жеткізу, мектептің ең табысты оқушыларын дипломдармен және мадақтамалармен марапаттай отырып, мектептің үздік оқушыларын анықтау.