2022 жылдың 4-ші қарашасында «Зерде» танымдық зерттеу зияткерлік шығармашылық жобасының облыстық кезеңі өтті. Жалпы аудандық кезеңге №3 Смирнов орта мектебінен 9 жоба ұсынылып, соның 8-і жүлделі орындарға ие болған болатын. Соның ішінде І-орын алған үш жоба облыстық кезеңге жолдама алып, екеуі облыс бойынша жүлделі орындарды иеленді. Этномәдениеттану секциясы бойынша «Этноауыл - тәрбиелік мәнін зерттеу. Жаңашылдық көзқараспен зерделеу» тақырыбындағы жоба облыстық деңгейде ІІ-орынды иеленді, жоба жетекшілері Әлия Базарханқызы Құрманғалиева, Жайнагүл Макенқызы Үмбетова. Жобаны қорғаған 2-сынып оқушылары Данебай Ернар мен Мұрат Бейбарыс. Ал, медицина секциясы бойынша «Адыраспанның сырлы қасиеттері» тақырыбындағы жоба облыстық үшінші орынды қанжығасына байлап қайтты. Жоба жетекшілері Айгүл Кеңесқызы Альбаева, Жанар Төлегенқызы Өмірзақова, жоба қорғаушы 5-сынып оқушысы Жанғазина Ақниет және 6-сынып оқушысы Сұлтанғазы Саяжан.
Шығармашылық танымдық сайыста оқушыларымыз бәсекеге қабілетті екенін көрсетіп, облыстық жүлделі орындарды иеленуі мектебіміз үшін үлкен мақтаныш.
Оқу ісінің меңгерушісі: Айгүл Базарханқызы Бекмурзенова
8Вы, Батима Сайдалинова, Раиса Нуртазинова и ещё 5