Қазақстан Республикасы күніне орай салтанатты саптүзеу өтті.
Қазақстан Республикасы күніне орай №3 Смирново орта мектебінде салтанатты саптүзеу өтті. Сағат 10.00-де мемлекеттік Гимні орындалды. Оған мектеп оқушылары белсене қатысып, өзінің шығармашылықтарын көрсетті. Қасиетті мекені туралы жыр-өлеңдер оқып, әні шырқалды. Салтанатты саптүзеуде мектеп директоры Р.К.Нұртазинова оқушыларды келе жатқан Қазастан Республикасы күні мерекесімен құттықтап, аудандық, облыстық сайыстарға қатысып, жүлделі орын иеленген оқушыларды марапаттады.