Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің медбикесі Тулепова Н.Э мектеп асханасында күн сайын брокераждық сараптама өткізеді, тамақтың сапасына мониторинг жүргізеді.
Тексеру нәтижелері жақсы. Тамақтану режимі сақталған. Азық түліктердің сертификаттары сақталған және сақталу мерзімдері қораптарында көрсетілген уақытқа сәйкес келеді. Тамақтанудың табиғи нормалары сақталған. Күнделікті дайындалу астың технологиясы сай екендігі анықталды. Күнделікті ас мәзірі мектеп директорымен дайындалып отырады. Астың тоңазытқышта, мұздатқыш камерада, қоймаларда сақтау кезіндегі ылғалдық- температуралық режимі қадағаланып отырады. Ас әзірлейтін блоктың санитарлық күй- жайы жақсы. Ыдыс- аяқ, жабдық, құрал- саймандары жуудың ережелері күнделікті тексеріліп отырады. Арнайы тақтайшаларда не турауға арналғандығы жазылған. Тамақ әзірлейтін ыдыстардың іші- сырты таза. Ас әзірлейтін блок қызметкері медициналық тексеруден уақытылы өткен. Тегін ыстық тамақпен 77 бала тамақтанады.