«Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі » КММ-де «Мамандықты таңдау – болашақты ойлау» атты тақырыпта
11 сынып оқушыларымен ақпараттық-танымдық сабақ өткізілді.
Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, кәсіби бағдар беру, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп, сол бағытқа қарай бағыттау, өз пікірін еркін айтып, оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақсатында жұмыс жүргізілді.