Мектебімізде дублер күні өтті. Осы күні 9 сынып оқушылары барлық сабақтарда мұғалімдерді алмастырды. Жауапты іс-шараға балалар көп дайындалды: олар мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жазды. Тәңертеннен бастап мектепте ерекше атмосфера орнады. Бұл күнді оқушылар қызықты да, мазмұнды жетіп көрсетуге тырысты. Мектеп мұғалімдерін қарсы алып, әртүрлі тапсырмаларды дайындапты. Дублер күні - бұл оқушылар нағыз мұғалімдер бола алатын күн, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алады. Дублёр күнін өткізудің мақсаты: білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқаруға тарту; білім алушылардың қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін қалыптастыру; барлық параллельдердің білім алушылары арасындағы достастықты нығайту; білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту; білім алушыларда жауапкершілік сезімін, бір-біріне дұрыс қарым-қатынасты, өзара қарым-қатынастың іскерлік стилін тәрбиелеу; білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін дамыту. Сабақтардан кейін оқушылар мұғалімдерге мерекелік концерт ұйымдастырды. Мерекеге ардагер-ұстаздарды шақырды. Тамаша сөздермен тілектерін білдірді, сұхбат өткізді. Дублер күні қызықты да мәнді өтті.