23 қыркүйек күні Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының аймақтарының 300 жас педагогті қамтыған «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАС ПЕДАГОГТЕРДІҢ РӨЛІ» I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ПЕДАГОГТЕР ФОРУМЫ ӨТТІ. Форумның мақсаты - форум мен жас педагогтердің кәсіби қалыптасу проблемаларына назар аудару, олардың кәсіби өсуі үшін жағдайларды жақсарту, шығармашылық әлеуетті дамыту, облыстың жас педагогтері қауымдастығының жұмысын жандандыру мақсатында өткізіледі. Мен, Куанышева Ансаган Максутовна жас маман, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Смирнов №1 орта мектебінен» қатысушы болдым. Форум барысында біз жан-жақтан келген спикерлердің баяндамаларын тыңдап, көптеген қызықты та пайдалы тәжңрибе алып, алмастық. Форум аясында «ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ – ЗАМАН ТАЛАБЫ» атты ғылыми-мақалалар жинағы жарыққа шықты. Менің дебют барысының бірінші кезеңінде жазған мақалам осы жинаққа енді. Бұл форумнан мен сабақ өткізуге арналған жаңа әдіс-тәсілдерді үйреніп, алдағы сабақтарымды одан да қызықты әрі пайдалы өткізужолдарын меңгердім. Жалпы форум өте пайдалы ақпараттарға толы болды. Жас мамандарға арналған осындай іс-шараны ұйымдастырған СҚО БСӘЖАТО – на алғыс білдіреміз.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау