Республикалық балалар оқулары
Бүгін, қыркүйектің 29 күні Смирнов №1 орта мектебінде Республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты– балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Байқауға аудан мектептерінен 3-10 сыныптар арасынан 35 оқушы қатысты. Біздің мектептен 3-4 сыныптар арасынан 2 оқушы Бақтиярқызы Айша және Айару қатысты. Екі апалы-сіңілілер сертификатқа ие болды.
ІІ кезеңге ең жоғары нәтиже көрсеткен 4 оқушыны анықтады. (3-4 сыныптан – 1 оқушы, 5-6 сыныптан – 1 оқушы, 7-8 сыныптан–1 оқушы, 9-10 сыныптан –1 оқушы) Қазылар алқасының шешімі бойынша жоғарыда көрсетілген әрбір сынып категориясы негізінде 1 оқушы–І орынға, 2 оқушы– ІІ орынға, 3 оқушы– ІІІ орынға ие болып,дәрежелі дипломдармен белсенді қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:
Бимагамбетова Ж.О.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер