Қазақстан Республикасының тілдері күні қарсаңында мектебімізде бесінші және алтыншы сыныптар арасында “Әндер сайысы” атты байқау өтті. Мақсаты - оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл - қыздарын тәрбиелеу.
Сайыс барысында екі сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Оқушылардың шығармашылығын әділқазылар алқасы бағалады. Оқушыларымызға сәттілік, шығармашылық табыстар тілейміз.