Қазақстанда 100-ден астам түрлі этнос өкілдері тұрады. Олардың әрқайсысы татулық пен келісімді, бір-біріне құрмет пен сыйластықты ұстанады. Мерекенің мақсаты – көпұлтты Қазақстан халқының тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту және тарату, балаларды өз халқының ғана емес, сонымен қатар кең байтақ мекендейтін барлық адамдардың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу. Бұл ретте елімізде көптілді білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.
Мектептің жоспарына сәйкес, Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеу аясында 13 қыркүйек күні 6-7 сынып оқушылары арасында «Let's start» атты ағылшын тілі пәнінен сайыс өтті.
Сайыс барысында оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамытуға, сөздік қорын көбейтуге арналған түрлі тапсырмалар ұсынылды. Оқушылар тапсырмаларды топпен де, жеке де орындады. Сайыс қорытындысы бойынша 6-сынып «Лондон» командасы жеңіске жетті (Бейсенова Асылжан, Багадурова Мадина, Магуянов Нұрхан, Шлегель Женя, Шефер Валерия)