15 қыркүйек күні «Смирнов №1 орта мектебінде» тілдер күні қарсаңында 5 «а» және 5 «б» сынып оқушылары арасында «Білімділер бәйгесі» атты интеллектуалдық сайысы өтті. Сайыстың мақсаты - тілдер күніне арналған онкүндік аясында қатысушылардың шеберліктерін,ой-өрісін, мемлекеттік тілде дұрыс сөйлеуге, шапшандыққа тәрбиелеу. Интеллектуалдық ойын-сайысы 6 кезеңнен тұрды. Сайыс кезеңдерінде оқушылар жұмбақтардың жауабын ағылшын және қазақ тілінде айтты . Оқушылар өз білімдерін ортаға салып, топта жұмыс жасады. Екі сынып өте белсенді қатысты. Әсіресе «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» кезеңінде қатысушылар өлеңдер және әндерді орындады. Сайыс қызықты өтті.