Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495528991
<

введите текст

введите текст

Мен – жаңғыру жолындағы жас маманмын

Тамыз айында СҚО БСӘЖАТО-ның ұйымдастыруымен жас педагогтарға арналған «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАС ПЕДАГОГТЕРДІҢ РӨЛІ» I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ПЕДАГОГТЕР ФОРУМЫ аясында  «ДЕБЮТ» ЖАС ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ өтті. Байқаудың мақсаты – жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесі мен шығармашылық әлеуетін жандандыру, кәсіби шеберлігін одан әрі жетілдіру үшін жағдай жасау. Байқауға жұмыс өтілі бес жылдан аспайтын педагогтар қатыса алады.

Біздің мектептен, яғни «Смирнов №1 орта мектебінен» екінші жыл қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет етіп жүрген Куанышева Ансаган Максутовна бұл сайыста жас маман ретінде бақ сынады. Байқау үш кезеңнен тұрды:

  1. I кезең – аудандық: таңдау бойынша берілген бір тақырыпқа эссе жазу;
  2. II кезең – облыстық, екі кезеңнен тұрды:
  • Шағын оқыту
  • Жоба қорғау

Алғашқы кезеңінде Ансаган Максутовна «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыра отырып, бойындағы қасиеттерін ескеру және тиімді оқыту» атты тақырыбында эссе жазды. Бұл кезеңнен сәтті өтіп, бірден екінші облыстық турға өтті. Дайындық барысында мектеп ұжымы мен тәлімгерінен кеңес алып, байланыста болды. Облыстық кезеңде ең алдымен шағын оқыту болды. Мұнда әріптесіміз «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінде» КММ 7 – сынып оқушыларына қазақ әдебиеті пәнінен «Абай-лирик ақын» тақырыбында сабақ өткізді. Сабағы өте жақсы өтіп, балалар белсенді қатысқан. Бұл кезеңнің қорытындысы бойынша Ансаган Максутовна  жоғары ұпай жинап, соңғы турға жолдама алды.

Соңғы кезеңде «Инклюзивті білім беру арқылы әлеуметтік коммуникативтік құзыреттілікті дамыту» тақырыбында жоба қорғады.

Әр сайыста алдына қойған мақсатына толық жете алды. Жас мамандарға арналған осындай сайыстар көп болса дейміз. Себебі, олар өз білімдерін шыңдап, бір-бірімен тәжірибе бөлісіп, биік белестерге жетуге үлкен мүмкіндік ала алады.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь