12 қыркүйекте «Смирнов №1 орта мектебінде» тілдер күні қарсаңында жас мамандар мен 11-сынып оқушылары арасында «Педагогикалық ринг» атты интеллектуалдық ойын-сайысы өтті. Сайыстың мақсаты - тілдер күніне арналған онкүндік аясында педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруды анықтау. Интеллектуалдық ойын-сайысы 8 кезеңнен тұрды. Сайыс қазақ және орыс тілдерінде өтті. Жас мамандар мен оқушылар екі тілден өз білімдерін ортаға салып, топта жұмыс жасады. Ойын барысында олар «Патриоты» және «Империал» болып екі топқа бөлінді. Екі топта өте белсенді қатысты. Нәтижесінде «Омпериал» тобы алға шығып, үздік болып, жеңіске жетті.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау