«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Қыркүйектің 7-сі Смирново №3 орта мектебінде тілдер апталығына орай «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған 8-10 сынып оқушылары қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты:
1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.
2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу
3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту;
Дәуірдің жарық жұлдызы, ұлттың ұлы ұстазы саналатын Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Ендігі кезекте Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен таныстырылып, шағын бейнебаян көрсетілді. Кітап көрмесі мен слайдтар арқылы шығармалары таныстырылды.
Сәкен Сейфуллин: "...Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті", - дегендей, ұлт ұстазы туралы қазақ зиялыларының пікірлері беріліп, соған орай оқушылар өзіндік ойларымен бөлісті. Ахмет Байтұрсыновтың тіл туралы тағылымдарын оқып, өзара талқылады.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер