Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің оқушылары жазғы демалыс кезінде көп кітап оқыды. "Кітап - білім бұлағы" - деп, дана халқымыз айтқандай, ең құнды дүниелеріміздің бірі ол - кітап. Кітап оқу - адам баласының сауатын ашып қана қоймай, рухани байытып, тіл байлығымызды дамытып, есте сақтау қабілетін арттыратыны сөзсіз. Сондықтан ең басты байлық - кітапқа деген құрмет әркез үстем болуы тиіс. Осы мақсатта "Сыныбымызбен кітап оқимыз" жобасы бойынша кітап оқу акциясы жүргізілді. Мақсаты: демалыс уақытында кім қанша кітап оқиды және сол оқыған кітаптарын көпшілікпен бөлісу.Әр оқушы оқыған кітабына талдау жасап, өз пікірлерін, ойларын ортаға салып, айту, қорытынды жасау, талдау, сұрақ -жауап арқылы оқыған кітаптан алған әсерлерімен ата-анасымен жолдастарымен бөлісу. Бұл жобаның оқушылар үшін жақсылығы мол, басты мақсат: Жасөспірімдердің кітап оқуға деген көзқарасын, қызығушылығын арттырып , жігерлендіру. Әртүрлі жанрдағы кітаптарды таныстыра отырып, оқушылармен бірге талдау, өзара пікірталас жүргізу арқылы ой өрістерін дамыту, нақты дәлелді сөйлеуге дағдыландыру. Бұл жобаның оқушылар мен ұстаздар үшін пайдасы зор. Сондықтан мектеп, ауыл кітапханасы мен оқушылар арасында тығыз байланыс болып, оқушыларды жазғы демалыс уақытында жаппай кітап оқуға шақырдық. Балалар мектепке келгенде қандай кітап оқығандарын айтып, ой бөлісті.Әрине , ең негізгісі кітапқа деген сүйіспеншілікті жоғалтпай, кітап оқуға деген белсенділікті арттыру. Себебі, сауатты ұрпақ -ертеңгі жарқын болашақ.