Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі "Қазақстан жаңа жағдайда: әрекет ету кезеңінде" атты Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығына ерекше назар аударды.
Қазіргі уақытта мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу және азаматтардың билік өкілдеріне жоғары сенімін, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, әділеттілік, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру, сондай – ақ Агенттік қызметінің негізгі бағыттары және "Қызылжар-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі бойынша қызмет алушыларды одан әрі ақпараттандыру мақсатында "х-баннерлер" (160смх60см)әзірленді., флайерлер және бейне -, аудиороликтер (бұдан әрі-флайерлер). https://cloud.mail.ru/public/3wDS/2y8ibGv8x).
Атап айтқанда, "Қызылжар – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі 2018 жылғы 24 желтоқсанда Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында өз жұмысын бастады және бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша үлкен жұмыста өз орнын тапты.
Бірінші кезекте, кеңсенің миссиясы сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, азаматтардың билікке сенімін арттыру болып табылады.
Брошюралармен, жадынамалармен және т.б. сілтеме бойынша өте аласыз.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау