2022 жылғы 13 шілде мен 17 шілде аралығында Петропавл қаласында БЖСМ,ЖСШМ, БЖСМ және спорттық бағдарлау бойынша қосымша білім беру ұйымдары арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл чемпионатқа мектебіміздің екі оқушысы қатысты - Абдуалиева Томирис және Кислая Ева. Бірінші күні - қыздар қысқа қашықтыққа жүгірді. Екінші күні - жұпта ұзақ қашықтық өтті, үшінші күні - эстафетаға қатысты. Чемпионаттың төртінші күні қысқа қашықтық - спринтпен аяқталды. Күн сайын қыздар 100% талпыныста болып, үздік бестікке енуге тырысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Томирис БЖСМ,ЖСШМ, БЖСМ және қосымша білім беру ұйымдары арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегері атанып, медаль және грамотамен марапатталды . Осы қалыптарыңнан таймаңдар! Жарайсыңдар, қыздар!