Мектебіміздің алаңына шарлар мен флажоктар ілініп, қыздар шаштарына бант салып, ұлдар галстук тағып мектеп формасын киіп мектеп алаңыеа гүл шоқтарын ұстап соңғы қоңырау ертеңгілігіне келді. Барша оқушыларға бұл күн жазғы демалысқа шығу күнімен теңелсе, 11 сынып түлектері үшін алтын ұя мектебімен қоштасу күні.
Осы мерекеге орай мектебімізге, мектебіміздің қарт ұстазы Күландам Абиловна, «Аманат» партиясының хатшысы Мұқанов Сабит Өмірзакович қонақ ретінде шақыртылды.
Салтанатты ісшара аясында ең үздік сынып, белсенді ұстаз және үш деңгейдегі ең жақсы сынып жетекші номинациялары бойынша жүлделер өз иелерін тапты. Түлектердің вальсын тамашалап, шарлар ұшырылды. Жыл оқушысы 9 сынып оқушысы Бакджанова Алина атанды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау