Мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің ашылуы
Бүгін 01 маусым күні балалар күніне орай «№3 Смирново орта мектебі» КММ жанында «Саржайлау» атты сауықтыру лагерінің аудандық деңгейдегі ашылуы өтті. Бұл лагердің осындай деңгейге ұласуының себебі, мемлекет басшысының жолдауында аталып кеткен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мәселесінің аясында сауықтыру орталығымыз этно стильде өтпек. Яғни мектеп алаңына киіз үй салынып, алтыбақан құрылып, ұмытылу үстінде тұрған ұлттық ойындар, тағамдар мен қолөнерлерді жаңғырту мақсатын көздеу себебінен.
Лагердің ашылуына аудан әкімі Елубаев Рустем Мукашевич келіп сөз сөйлеп тілек лебіздерін білдірді.
Этноауыл аясында, жүн иіру, асық ойнау, арқан тарту ойындары мен қолөнер түрлері көрсетілді. Қонақтарға ыстық бауырсақтар, бәрәміштер беріліп, қымыз ұсынылды. Киіз үй ішінде дастархан жайылып қонақтарға ыстық шай ұсынылды. Келген қонақтармен қоса 150 ден астам адам қатысты. Оның ішінде мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар мен аудан тұрғындары.Жаңалықты мекеменің сайтында қарау