19 мамыр мектептің эстетика бағыты бойынша «Елімнің өнер қуған ертеңімін» тақырыбында алғашқы жылдық есеп концерті өтті. Кешті «Асылым» би тобы ( жетекшісі Жақсылық А.М) қазақтың ұлттық биімен ашты. «Балауса» домбыра ансамбльінің ( жетекшісі Балтабаев Д.Б, Жангазина А.Ә) орындауында халық күйлері: «Кеңес»,»Келіншек», «Салкүрең», Ә.Желдібаев «Ерке сылқым», Х.Тастанов «Би», Н.Тілендиев «Ата толғауы» күйлері күмбірлеп,көрермен қошеметімен ұласты. Әнші балапандарымыз : Қалдыкерім Дінмұхамед, Ахмет Жания, Арғын Нұрай орындауындағы әндер кештің тақырыбын аша түскендей болды. Концерт соңында ата-аналар мен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.