Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495528991
<

введите текст

введите текст

Референдум өткізу бойынша түсіндіру жұмыстары

2022 жылдың 12 мамырында №3 Смирново орта мектебінде референдум өткізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп директоры Р.К.Нуртазинова мектеп ұжымына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойғанын хабарлады. Одан әрі ол референдумда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі талқыланатынын түсіндірді.
Сондай-ақ референдумның елде өткізілетін жалпыхалықтық дауыс беру екенін түсіндірді. Референдумда мемлекет өмірінің маңызды мәселелері шешіледі. Әдетте оған сұрақтар қойылады, оған жауап ретінде «иә», «жоқ», «келісемін» немесе «келіспеймін», «қолдаймын» немесе «қолдамаймын» деген сөздер беріледі. Референдум бүкіл ел бойынша өтіп жатыр. Референдумға қатысатын қазақстандықтардың жасы 18-ге толуы керек және оған қатысу ерікті болып табылады.
  

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь