Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айтып, жаңа кірген 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. 21.04.2022 ж. күні «№3 Смирново орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы «Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымастық» тақырыбында өткізілді. Осы уақытқа дейін ата-аналармен кездесу карантиндік және шектеуге байланысты онлайн түрінде өткізіліп жүрді. 2022 жылдан бастап ата-аналардың мектепке кіруіне рұқсат етіліп, ата-аналарға ашық есіктер мен жиналыстар мектепте ұйымдастырылып жатыр. Жиналыс балалар жылына арналған «Бақытты балалық шақ» атты шағын концертпен ашылды. Мектептің 2021-2022 оқу жылындағы білім және тәрбие жүйесіндегі мақсат – міндеттері, оқу жылының қорытындысы жайлы мектеп басшысы Райса Кеңесқызы Нұртазинова ата-аналарға мәлімдеме берді. Осындай жиналыстар арқылы мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық арта түсетіне тағы да көзіміз жетті.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау