Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495528991
<

введите текст

введите текст

Қамқоршылық кеңес

"Қамқоршылар кеңесі"

Дайындық негізі мектебінде қыркүйек айында "Қамқоршылар кеңесі" құрылды. Мектеп директоры Рамазанов Т.С.  жоспарды бекітті және қамқоршылар кеңесінің жоспарын бақылап отырады тәрбие ісінің меңгерушісі Саурбаева С.С.

1 . Қамқоршылық кеңес құрамына кіреді:

- әлеуметтік серіктестерінің өкілдері;

- қоғамдық ұйымдардың өкілдері;

- ата-аналар жұртшылығы мен педагогикалық кеңес өкілдері.

  1. Қамқоршылық кеңесінің жеке құрамы білім беру мекемесінің жалпы жиналысының ұсынысы ескеріліп, білім беру мекемесінің әкімшілігімен қалыптастырылады.
  2. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы білім беру мекемесінің Қамқоршылық кеңесінің отырысында сайланады. Төрағасының өкілеттілік мерзімі. Қамқоршылық кеңесіндегі оның басшылығы мерзімімен шектеледі.
  3. Төрағасының орынбасары мен хатшысы Қамқоршылық кеңеспен сайланады.
  4. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің арасында тапсырмаларды бөлу кеңестің отырысында белгіленеді.
  5. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері өз тапсырмаларын өтеусіз негізде орындайды.
  6. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Қамқоршылық Кеңесінің жалпы жиналысымен енгізіледі және оның отырысында бекітіледі.

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

  1. Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.
  2. Жалпы білім беру ұйымының материалдық- техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көркейту.
  3. Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.
  4. Мектеп органдарының жұртшылықпен тиімді қарым –қатынасы үшін жағдай жасау.
  5. Мектептің білім берушілік,қаржылық, кадрлық әлеуетін күшейту.

6.Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь