2022 жылы 17 наурыз күні 8-11 сыныптар арасында «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті. Таңғы сағат 8-де оқушылар және сынып жетекшілер мектеп ұжымын, бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарын ыстық бауырсақпен және тәттілермен, жақсы тілектер айтып қарсы алды. Оның барлығы сынып ата-аналарының ұйымдастырылуымен өтті. Әрі қарай мерекелік іс-шара «Береке» ауылында жалғасты. Мектебіміздің үлкені, зейнеткер әжеміз Шойбекова Назира Есенкулқызы келіп, балаларға « Бесікке бөлу» рәсімін көрсетіп, әлди жырын арнады. Оқушылар өз кезегінде «Ерке сылқым» күйін, « Қара жорға», тәжік ұлттық биін билеп, «Қазақы дәстүрлері-ай» әнін орындады. Мереке соңында дастарханан дәм татып, ақсақалдан бата алдық.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау