2022 жылдың 22 ақпан күні Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің 8-сынып оқушыларымен «Күлімде, өмір ғажап!» атты психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг кезінде оқушыларға мотивация беретін видеороликтер мен түрлі сұрақтар қойылды. Оқушы пікірлері мен өзін-өзі бағалаулары сараланды. Сонымен қатар кез-келген адам өздерін жақсы көрулері керектігін, оқушы жүзінде шынайы күлкінің пайда болу керектігі жайлы ұсыныстар берілді. Тренинг сабаққа оқушылар белсене қатысты. Өз қызығушылықтарын көрсете білді.