«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің салтанатты ашылуы ұйымдастырылды.
1 ақпан Смирнов №3 орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің салтанатты ашылуы ұйымдастырылды.
Онкүндіктің мақсаты: Өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту, оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды дамыту, өзара келісім мен өзара түсіністікке баулу, мейірімділік пен адамзатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.