«Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты тренинг тимбилдинг
«Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі» КММ-де 2022 жылдың 1 -ақпан күні 8-сынып оқушыларымен «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты тренинг тимбилдинг өткізілді.
Бұл тренинг тимбилдингті өткізудегі мақсаты – сыныпты біріктіру, сынып арасында жағымды қарым – қатынас тудыру, оқушылардың өз – өзіне деген сенімділігін арттыру, жақсы көңіл – күй тудыру. Алдымен оқушылыарға «тимбилдинг» ұғымын таныстырып, содан кейін әртүрлі жаттығулар жасалды. «Тимбилдинг» - ағылшын тілінен аударғанда «teambuilding» - команда құру болып табылады. Тимбилдинг – ұйым өкілдерін біріктіруге арналған ұжымдық демалыс, негізгі мақсаты – оқушылар ортасында берік достық қарым-қатынасты нығайту, сынып мүшелерін біріктіру және сабақ оқуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Қарапайым тілде айтқанда, бұл бір сыныпта оқитын оқушылардың қарым-қатынастарын жақсартуға және нәтижесінде ұжымның жұмыс тиімділігін арттыруға көмектеседі.