Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту бойынша «Мектеп парламенті» жобасы жұмыс атқарып жатыр- әрбір білім алушыны білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту;
- өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту.
"Мектеп парламенті" жобасында 8 фракция жұмыс жасайды. Олар:
Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология);
Қамқорлық фракциясы (еріктілік);
Дебат қозғалысының фракциясы;
Құқық және тәртіп фракциясы;
Ақпарат фракциясы;
Спорт және салауатты өмір салты фракциясы;
Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркемшығармашылық);
Экология және еңбек фракциясы.
Мақсаты: Білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.
Міндеттері:
- білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін, мектепте бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау, білім беру ұйымын басқаруға қатысуға нақты мүмкіндік беру;
- ұжымдық өмір нормаларына, мемлекет заңдарына, адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне, достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру;