Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің жанындағы интернатта.
13 желтоқсан күні «Алтын сақа» атты зияткерлік ойын Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай өткізілді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойы қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендету, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интелекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын,зиялы тұлғаларын тануға шақыру.
Оқушылар екі топқа бөлініп, зияткерлік ойынға ат салыса қатысты. Балалар сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап бере отырып, мектеп бағдарламасын жақсы білетіндерін толығымен дәлелдеді. Зияткерлік ойын арқылы ауыз біршіліктері және де ұйымшылдықтарымен тәнті етті.