«1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні» осыған байланысты 27.10.2021 күні Смирново № 3 орта мектебіне «облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КММ маманы Симухина Оксана Сергеевна 8-11 сыныптар арасында «СПИД- защити себя человек» атты баяндама өткізді. Баяндама барысында АИТВ-ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары жайлы, сонымен қатар әр адамның денсаулығының жақсы болуы көп жағдайда өзіне байланысты болатындығын, кез-келген тұлға өмірінің егесі, ешкім де ол үшін өмір сүрмейтіндігін, сондықтан әркімнің өмірі өзінің таңдауы екені туралы айтып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесудің барысы видеоролик көрсетумен жалғасты. Көрсетілім көру барысында оқушылардың бойында бұл ауруға деген қорқыныш,үрейленген сезімдер байқалды. Қорытындылай келе, есірткі және ЖИТС туралы жастар кеңінен мәлімет алды, бойларына адами қасиеттерді сіңдіруге бағыттау мақсатында өткізілген іс-шараға мектеп оқушылары белсене қатысып, жастардың өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау әдеттерін қалыптастыру мен жастарды салауатты өмір салтына бейімдеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау