Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл
Аса көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының қоғамдық ой пікірі, мәдениеті мен әдебиеті тарихында жаңашыл-педагог, жаңа мектептердің ұйымдастырушысы, этнограф, фольклоршы, ақын прозашы, қазақ тарихының жанашыры ретінде кеңінен мәлім.
Биыл, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай Смирнов №3 орта мектебіміздің кітапханасында көрме безендірілді, 1-11 сыныптар арасында «Кел, балалар, оқылық!» атты сурет салу байқауы ұйымдастырылды және де 7 «ә» сынып оқушыларымен ақынның шығармалары бойынша сұрақ-жауап сайысы өткізілді.
Ұйымдастырылған іс-шаралардың мақсаты Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұраларын мектеп оқушыларына насихаттау.
Сурет салу байқауының қорытындысы, 1-4 сынып арасында ең белсенді қатысқан 3 «а» және 4 сынып оқушылары. Жантлесова Жанайым 3 «а» сынып оқушысы -1 орын, Талғат Мәди 3 «а» сынып оқушысы-2 орын, Тлеуқабыл Әрсен 3 «а» сынып оқушысы және Данебаева Інжу 4 сынып оқушысы 3 орынға ие болды. Орта буын және жоғары сыныптар арасында Досжан Айсана 5 «ә» сынып оқушысы және Канафина Нармина 7 «ә» сынып оқушысы -1 орын, Танатарова Карина 7 «ә» сынып оқушысы – және Сансызбаева Амилия 7 «а» сынып оқушысы -2 орын, Сайран Мирас 7 «а» сынып оқушысы және Галиулин Алдияр 9 сынып оқушысы -3 орынға ие болды. Ал байқауға қатысып жүлделі орынға ие болмаған оқушылар номинациялар бойынша мадақтамалармен марапатталды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау