Аққайың ауданы «Дайындық негізгі мектебінде» 5-8 сынып оқушыларының сынып жетекшілері «Бір шаңырақ астында » атты тіл апталығының жабылу салтанатын өткізді. Тіл, сөз дегеніміз - ата - бабамыздан келе жатқан ел дәстүрі. Бұл дипломатиялық құрал халықтың бүкіл сана - парасатын, биіктігі мен тереңдігін паш ететін үлкен өнер. Тіл - адамдар арасындағы қасиетті қатынас құралы. Тілсіз қоғам жоқ. Бұл екі нәрсе бір - бірінсіз өмір сүрмейді. Қай халықтың болса да басынан өткендері, қилы кезеңдері, өз ана тілі арқылы бір - біріне жалғасқан.Тәуелсіз Қазақстан тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөліп келеді.Мемлекет болған жерде оның Мемлекеттік тіл болуыда керек. Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі,-деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтып өткендей, ғажайып тілімізді әрқашан қадірлей, қастерлей білейік ағайын ! Осымен «Қазақ атын танытсын әлемге, үш тұғыр тіл: қазақ, орыс, ағылшын» апталығының ашылуы өз мәресіне жетті Қалың елің қазағыңа қорған бол! Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол, Шет тілі мен компютерді меңгеріп Елге тірек,нағыз ұлттық тұлға бол. Бүгінгі апталығымыздың қорытынды кеші осымен тәмам. --