Қ.Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің кітапханасында Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына байланысты мектеп кітапханасында «Парасат жолы » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл кітап көрмесінің мақсаты: оқушылар арасында адалдық, әділеттілік, жауапкершілік қағидаларын қалыптастыру.Оқушылар санасына парасаттылық, зиялылық, жауапкершілік , адамгершілік сияқты қасиеттерді орнықтыру. Көрмеге орта буын оқушылары қатысты. Оқушыларды кітапханашы А.Қ.Канафина Ахмет атамыздың шағын өмірбаянымен таныстырып шықты. Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым 1872 жылы Торғайдың Ақкөл жағасындығы (қазір Қостанай бол. Жангелдин ауд.) Сарытүбек жерінде туған. 1884 жылы ауыл мектебін, 1891 жылы Торғайдағы орыс-қырғыз училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіріп, өз бетінше көп білім жиған. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Торғай уездерінің мектептері мен училищелерінде мұғалім болады. 1909 жылы патша өкіметінің шет ұлттарға қарсы әрекетіне көзқарасын білдіргені үшін Семей абақтысына жабылады. Мұнда ол 1910 жылдың басына дейін отырады. 1910-1913 жылдары ағартушы қатаң бақылау жағдайында болады. 1913-1917 жылдары әйгілі «Қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарады. Осы шақта ағартушы ұлттық Алаш қозғалысын жандандыруға атсалысады. Ғалымның «Оқу құрал» (1912), «Тіл құрал» (1914), «Әліпби» (1924), «Әдебиет танытқыш» (1926), «Баяншы» (1926) еңбектері ұлт филологиясының негізін қалады. Ол 1926 жылы Бакуде өткен ІІ Түріктану съезіне қатынасты. Саяси себеппен 1929 жылы тұтқындалып, жер аударылды. 1937 жылы тағы да ұсталып, 1938 жылы нақақ атылды.