Короновирус инфекциясының кең таралуына байланысты қоғамда түрлі тәртіп пен талаптар қойылып жатыр. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін қойылған талаптардың бірі "ASHYQ" қосымшасы. "ASHYQ" мобильді қосымшасы QR -кодты қолдану мен Денсаулық сақтау министрлігінің базасымен интеграция арқылы келушінің статусын көруге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні "ASHYQ" қосымшасы мектебімізге де қойылды. Біз үшін де ең маңыздысы жаңа оқу жылына әр ұжым мүшесі мен оқушы өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.