Рухани жаңғыру аясындағы «Туған жер» атты арнайы жоба
Тікелей нәтижелер индикаторлары:
кәсіпорындар, оның ішінде аймақта орналасқан
халыққа қайырымдылық көмек көрсету ұйымдары;
мәдени-тарихи ескерткіштер мен көрнекті
жергілікті ауқымдағы тұлғалар.
Смирнов №3 орта мектебі рухани жаңғыру аясындағы «Туған жер» атты арнайы жобаның жоғарыда берілген тармақтары бойынша жаспа жатқан мамыр айындағы жұмыстары.
1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай мектебімізде ұлттық киімдер байқауы өтті. Байқауға барлық мектеп оқушылары қатысты. Орындар жас деңгейлеріне байланысты берілді.
Жеңімпаздар Гран – При, 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
"Патриот" тақырыбында суреттер байқауы өткізілді.
Мектеп кітапханасында "халықтың ұлы ерлігі" тақырыптық
көрмелерін ұйымдастырдық және безендірдік.
Рухани жаңғырудың азаматтық белсенділік пен патриотизм деңгейі тармағына орай 7мамыр батырлар күні 9 мамыр Ұлы Жеңістің 76 жылдығына арналған сахыналық көріністері мен «Сап және ән» байқаулары өтті. Іс-шара мақсаты өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа патриоттық сезімдерін оятып, ата-бабаларымыздың сұрапыл соғыстағы қан мен тер, көз жастары арқылы Ұлы Жеңістің қандай ауыртпалықпен келгенін сәл болсын сезініп, қарт ата-апаларымызға деген құрметтерін ояту мақсатында.
Бұл іс-шара сынып деңгейлеріне бөлінді. Осыған орай орындар берілді.
18 мамыр күні оқушыларға экологиялық эстетиканы тәрбиелеу, мектебіміздің ішін көгалдандыру мақсатында «Бөлмелерді көгалдандыру» байқауы өтті.
Мектепті көркейту мақсатында экология фракциясының мүшелері мектеп ауласына көшеттер отырғызды.
Туған өлкенің тарихымен танысқан оқушылардың үлесі мәдени-тарихи ескерткіштер мен көрнекті жергілікті ауқымдағы тұлғалармен таныстыру мақсатында мектеп оқушыларына тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарында онлайн мұражайға саяхат жүргізілді. Сынып сағаты соңында әр оқушы саяхаттан алған әсерлерін шғын эссе-ге жазып мұғалімдеріне тапсырды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау