«Мен табиғатты қорғаймын», «Менің өлкемнің табиғатын аялау», «Бұл әлем неткен ғажап» тақырыптарында әлеуметтік эко-плакаттар салынып мектеп оқушыларымен бірге біздің өңірде жоқ құстардың аялдауын қарауға бардық. Ғаламтордың ақпаратына сенсек қызғылт пеликандар Африка елінде мекен етеді. Сонау шақырымды кешіп, біздің солтүстік өңірге келіп аялдаған, қызыл кітапқа енген осынау ерекше құстарды көріп қана қоймай, қоректтерін алып келдік. Осы арқылы оқушылардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік дағдыларын қалыптастыруды көздедік.
«Табиғатпен татулықта өмір сүру» тақырыбында экологиялық викторина және сурет байқауы өтті. Байқау аясында оқушылар өз салған суреттерін түсіндірмелермен жалғады.
Экология апталығын «Екінші дем» атты қол өнер сайысымен аяқтадық. Бұл сайыста 5 сынып оқушылары, техниканың тасталып қалған қорабынан, қазақтың ұлттық аспабы домбыраны жасап, 1 орынға ие болды.
Республикалық "Құстар әлемінде" онлайн байқауының 1 дәрежелі жүлдесін иеленді
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау