2021 жылдың 26 сәуірден 30 сәуір аралығында мекеп бойынша «Экология апталығы » атты іс шара жүргізілді.
Негізгі мақсат: Адам мен табиғат байланысы , балалардың айналадағы ортаға деген сүйіспеншілікті ояту яғни табиғатты қорғау негізі болды.
Бекітілген жоспарға сай , мектеп бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі Светлана Сайлаубековна оқушылармен кездесу жүргізіп, жоспармен таныстырды.
Әр күн ерекше іс-шараларға толы болды.Оқушылармен «Табиғат екінші үйіміз» атты баяндама оқылды. Және табиғат туралы суреттер сайысы, «Менің сүйікті үй жануарым» атты байқау жүргізілді.