Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495528991
<

введите текст

введите текст

"Табиғат аясындағы-Мен" атты тәрбие сағаты

Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде экологиялық апталық өтті.Жоспарға сәйкес 5-сынып оқушылары арасында"Табиғат аясындағы-Мен" атты тәрбие сағатында"Мақал-сөздің атасы"туралы мақал-мәтел жарысы өтті.Оқушыларға мақал-мәтел дегеніміз не,қазақ мақал-мәтелдерінің түрлері,мазмұны туралы әңгіме айтылды.
Мақал тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылатын пікірлер,нақыл сөз.Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап,түйіп,ықшамдап,бір не екі тармақтан тұратын поэтикалық жанрдың бір түрі.Мақалкөбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады және тура немесе ауыспалы мағынада қолданылады.
Мәтел-өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтатын,бір-бірімен байланысы жоқ,қорытындысы тұспалды қысқа да нұсқа айтылатын нақыл сөз.Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады,сезімін әсерлі де,айшықты жеткізеді.Оқушылар табиғат,жан-жануарлар,жыл мезгілдері,табиғат құбылыстары туралы көптеген мақал -мәтелдер жарыстырды.Оқушылар қосымша әдебиеттер мен интернет желісінен мақал-мәтелдерді тауып,кейбіреуін жатқа айтып,мазмұнын түсіндіре алды
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь