Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495528991
<

введите текст

введите текст

Салауаттылық – денсаулық кепілі.

Сабақтың тақырыбы: Салауаттылық – денсаулық кепілі.
Сабақтың мақсаты: Адам өміріндегі денсаулықтың маңызды рөлін оқушылар санасында қалыптастыру, салауатты өмір салтын жүргізудің қажеттіліктері мен қоғамдағы жат қылықтардан аулақ болуға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Денсаулыққа әсер ететін факторлармен таныстыру.
- Салауатты өмір салтына анықтама беру.
- Салауатты өмір салтын жүргізудің қажеттіліктері мен дағдыларының
қалыптасуына жағдай жасау.
Сабақты жүргізу әдістері: ми шабуылы, шағын-дәріс, кіші топтардағы жұмыс, шығармашылық жаттығу.
Көрнекілігі: Қосымша мәліметтер, кестелер, өмір, денсаулық туралы сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сұрақ қою арқылы 3 топтың топбасшысын анықтап, топтарға бөлу.
Тренинг. Аяқталмаған сөйлем. Бақытты өмір сүру үшін – ...............
Денсаулық сөзінің мағынасын ашқызу. Д- ДҰРЫС ДЕМ АЛУ. Е-ЕРІНБЕУ Н- НИЕТТЕУ. С-СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУ. А-АҒЗАНЫ ШЫНЫҚТЫРУ. У-УАҚЫТТЫ ДҰРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ. Л-ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР СҮРУ. Ы- ЫНТА-ЫҚЫЛАС АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ.
Қ- ҚОЗҒАЛЫС АҒЗАНЫ ШЫНЫҚТЫРАДЫ.
ІІ. Негізгі бөлім.
- Сонымен балалар, біз болашақ Қазақстан Республикасының азаматтары бүгінгі мектеп табалдырығындағы оқушылар денсаулығымызға жастайымыздан қамқор болуымыз қажет. Халықта мынадай дана сөз бар: «Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның, Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның, Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның»
1слайд. Біздің елімізде 17 млн адам бар, 2050 жылдарда 10,5 млн қалуы мүмкін. Орташа өмір сүру: ерлер – 57 жыл, әйелдер – 72 жыл. Басты себептері жүрек – қан аурулары, онкологиалық өкпе ауруы, наркомандар, депрессияға ұшырағандар, салауатты өмір салтының ережелерін сақтамағандар, суицид болып отыр.
2 слайд. Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар: Қоршаған орта ластығы, дұрыс тамақтанбау, тұқымқуалаушылық, денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы, зиянды заттарды қабылдау, тазалықты сақтамау, отбасындағы кері жағдайлар, адамда стресс жағдайы жиі болуы.
ІІ. Практикалық бөлім. Топтарға тапсырмалар:
1-тапсырма. Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар. Экология Қоғам Жеке адам
2 тапсырма. Дұрыс әсерін тигізетін факторлар. Экология – 1 топ /Жоба/Қоғам – 2 топ /Ертегі құрастыру/ Жеке адам– 3 топ /брошюра дайындау - «Жақсы (пайдалы) әдеттер: Зиянды әдеттер»:
ІІІ. Қорытынды бөлім
Қорыта келдгенде, біздің басымызға төніп тұрған ғасыр дерттерінен, қауіптен сақтануымыз үшін не істеу керек? 1. Дұрыс тамақтану. 2. Қоршаған орта тазалығы. 3. Дене шынықтыру.
4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы. 5. Зиянды заттарды қабылдамау. 6. Жеке бастың тазалығын сақтау. 7. Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау. 8. Эмоциялардың оң болуы.
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН САҚТАУЫМЫЗ КЕРЕК!!!
Тренинг: Мен саған ... тілеймін. «Жүректен – жүрекке»
Әр оқушы тілектері жазылған жүрекшелерді арнаған оқушыларына сыйлайды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
и ещё 2
 
 
2Райхан Мухамадиева и Aidos Yersainov
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь