«Балалардың алыстан көре алмаушылығы» атты тәрбие сағаттары
Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде оқушылармен «Балалардың алыстан көре алмаушылығы» атты тәрбие сағаттары, кездесу, әңгімелер өтті. Видеоролик көрсетілді. Мектеп дәрігері мектеп жасындағы балалардың алыстан көру қабілетінің төмендегі жиі байқалатынын айтты. Медициналық статистика мәліметтері бойынша мұндай ауру миопия деп аталады. Мұндай ауруға жоғары сынып оқушыларының үштен бір бөлігі шалдығады.
Оқушылар осы тақырып төңірегінде пікірталас, әңгіме барысында өз ойларымен бөлісті. Бастауыш сынып оқушылары көзге арналған гимеастикалар жасады. Алыстан көре алмаушылық бала жасында пайда болатындықтан, ең алдымен балалар мен жасөспірімдерде бұл аурудың алдын алу керектігін ескертті. Ол үшін дәрігерлік тексерулер жүргізіп, дәрі-дәрмектермен, хирургиялық емдеу әдістерін қолдану қажет. Сондықтан, теледидарды көру үшін – алыстан қарау керек, компьюетрде ұзақ жұмыс істеуге болмайды, көзге арналған жаттығулар жасау керек, сабақ оқудан кейін көз гимнастикасын жасау өте маңызды болып табылады.