Сыбайлас жемқорлық мәселесі бүгінгі таңда қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтуда. Сыбайлас жемқорлық-жеке түрде мемлекеттік игіліктерді жеке басына пайдалану деп білеміз. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сыбайлас жемқорлық-мемлекеттік билікті теріс пайдалану, жекебас пайдасы үшін лауазымды тұлғаларды параға сатып алу. ҚР Қылмыстық Кодексінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық түрлері көрсетілген. Барлық жемқорлық қылмыстық құқықбұзушылықтар қылмыс болып танылады,яғни қоғамға қауіпті ,мемлекетке,қоғамға, жекетұлғаға зиян келтіреді. Оған айыппұл төлеу, түзеу жұмыстары, бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу, т.б. жаза түрлері қолданылады.Ол үшін,сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлықты тудыратын себептермен жағдайларды анықап, жою керек. Ескерту, анықтау,жемқорлықтың жолын кесу, салдарын жою бойынша шаралар қолдану қажет.Іскерлік,адамгершілік қаиеттеріне қойылатын талаптарды арттыру, жұмысшылардың жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі құқықтық білім деңгейін көтеру,жемқорлықты қабылдамауға тәрбиелеу. "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" атты жоғары сынып оқушыларымен конференция өтті. Конференция барысында оқушылар өз пікірлерін айтты.