Туған елге тағзым. Елбасымыз,,Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру,,атты бағдарламалық мақаласында туған жер бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Осы бағдарламаны түсіндіруде өлкетану жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор. Мақсаты- оқушылардың жан дүниесін жаңғырту, рухын көтеру, елін, жерін сүйетін азаматтарды тәрбиелеу. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Жер атауына байланысты талай аңыз, әңгімелер бар. Әр өлкенің есімдері ел есінде қалған атақты адамдары ,біртуар перзенттері де бар. Міне, осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс. Мектеп мұражайында ауылымыздан шыққан батыр бабаларымыз бен елімізде өмір сүріп, еңбек еткен атақты аталарымыз бен аналарымыз туралы деректер де жинақталған. Туған Жер бағдарламасы аясында жүзеге асқан Жансүгір батырдың кесенесі болашақта ержүрек бабамыздың рухына тағзым етіп, ата-баба аруағын ұлықтап, бас иеміз. Оқушыларымыз туған өлке тарихын біліп, танып өсуге тиісті.