"30 қайырымды іс" марафонына 10-сынып оқушылары да белсене қатысты. Оқушылар физика кабинетінің зертханасын жинауға көмектесіп, кітапханадағы кітаптарды қалпына келтірді. Газет-журналдарды орындарына қоюға көмектесті. Жасаған істері өздеріне қатты ұнап, жиі қол ұштарын беріп тұратындарын айтты. Мейірімді жүректер көп болсын!