4 наурыз күні Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектеп жанындағы «Балбөбек» шағын орталығында 8- наурыз мерекесіне арналған онлайн ертеңгіліміз өтті. Сұлулық пен нәзіктікті, қажыр мен қайсарлықты бiр бойына жинаған арулардың мейрамы күлiмдеген көктеммен қатар келедi. Бұл мейрамның көктеммен қатар келу себебі, ана – өмiрдiң алтын дiңгегi, бар адамзатқа өмiр сыйлаушы. Ал көктемде табиғат ана қайта құлпырып, айналасына шуақ шашады. Дегенмен бұл мейрамның пайда болуы ғасырлар қойнауында жатқан тарих. Бүгінгі тамаша мерекеде біз сіздерге ақыл-парасаттарыңыз, аяулы алақандарыңыз бен азаматтық белсенділіктеріңіз үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Әлемнің жарығын сыйлаған барша аналардың мерекесі құтты болсын!
Біздің «Балбөбек» шағын орталығында «Аяулы анашым!» атты 8- наурыз мерекесіне арналған онлайн ертеңгіліміз өтті. Шағын орталықтың бүлдіршіндері өз аналарына тақпақтарын, өлеңдерін, билерін арнап шын жүрекпен құттықтады.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау