Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495528991
<

введите текст

введите текст

Құқық бұзушылық пен зиянды заттардың алдын алу жұмысы

Заман талабы мектеп жасындағы балалардың арасында құқық бұзушылық пен зиянды заттардың алдын алу жұмысының белсенді, тиімді, жаңа жолдарын таңдау мақсатымен «Дайындық негізгі мектебі» КММ-де 2021 жылғы 26 ақпан күні учаскелік инспектор- Мукжанов Ади Амангелдіұлымен оқушылармен кездесуі ұйымдастырылды. Өйткені, қазіргі таңда жасөспірімдердің арасында өз уақыттарын тиімді пайдалана білмеуі, ата – ананың баласына тәрбие беруде жеткілікті уақыт бөлмеуі, ақпараттың шектеусіз әрі еркін берілуі, «қиын» немесе толық емес жанұяда тәрбиеленуі, отбасындағы кикілжің мен ажырасу және отбасының төмен әлеуметтік жағдайының, жағымсыз ортаның кері ықпалы сияқты жағдайлар балалардың сана – сезіміне кері әсерін тигізіп, жастар мен жасөспірімдер арасында түрлі келеңсіз іс – әрекеттердің көбеюіне әкеліп соқтыруда. Сондықтан да, балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, суицидтік әрекеттерді болдырмау және оның алдын алу бағытындағы жұмыстарға басты назардың аударылуы заңды. Учаскелік инспектор балаларға құқық бұзушылық, қылмыстық туралы түсіндірді. Оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесуі қызықты өтті.
Мектебімізде оқушылар мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап - ақ, олардың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсаты көзделеді. Оларға құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, лездемелерде мектеп ережесіне сай нақты талаптарды орындау керектігі үнемі ескертіле отырып, қандай жағдайда да құқықтары қорғалатындығы жөнінде айтылады.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың бірден – бір жолы – бұл оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуін ұйымдастыру болса, осы бағыттағы жұмыстардың біздің мектебімізде оң жолға қойылғанын атап кетуге болады. Егер де бала өз уақытын тиімді іске арнайтын болса, оған ұстаздары үлкен сенімділік артып, белсенділігін қолдайтын болса, бала тәртіпсіздік жасау түгіл, тіпті жаман әдетке бойын алдырмауға да дағдыланып кетеді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь